Лента постов канала Azattyq - Азаттық (@azattyq) https://t.me/azattyq Тәуелсіз елге - тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/ 📍Twitter: https://twitter.com/AzattyqRadiosy ru https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 15:20:37 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 15:03:58 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 14:00:52 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 12:33:57 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 11:14:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 10:56:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 10:00:29 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 09:16:09 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 09:03:41 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 08:19:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 07:28:54 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 20 Aug 2025 06:29:49 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 15:08:58 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 11:46:59 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 09:41:13 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 09:18:39 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 08:33:57 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 07:17:34 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 19 Aug 2025 06:36:42 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 17:28:05 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 17:26:22 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 17:24:34 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 13:10:23 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 09:30:14 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 07:56:17 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 18 Aug 2025 07:52:00 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 18:11:34 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 15:23:44 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 13:13:03 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 12:01:50 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 10:30:48 +0300
🔴"Путин дегеніне жетті, ал Трамп ше?" Аляскадағы саммиттің түйіні

Владимир Путин халықаралық саясат сахнасына оралғысы келді. Дональд Трамптың діттегені – бейбітшілік келісімі.

Ресей басшысы дегеніне жетті, ал АҚШ президенті – жоқ.

Трамп пен Путиннің 15 тамыз күнгі кездесуі кейінгі жылдардағы ең маңызды оқиғалардың бірі болуы керек еді: Америка-Ресей қатынасы үшін, Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең ірі құрлық соғысы және халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда да.

Өзінің келісім жасау шеберлігіне сенімді Трамп 42 айдан бері жалғасып келе жатқан, нәтижесінде миллионнан астам украин және ресейлік сарбаз бен мыңдаған бейбіт тұрғын жараланған немесе қаза болған Ресейдің Украинаға қарсы соғысын бітіргісі келген.

Өз әскерінің Украинаның тас-талқанын шығаратындығына сенімді Путин Америка жерінде әлемдік телеарналардың назарына ілініп, Трамппен қол алысып, терезесі тең дәрежеде келіссөз жүргізіп, осылайша халықаралық оқшаулаудан арылғысы келген....

🔗Толығырақ оқыңыз
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 10:02:31 +0300
💬 Politico: Еуропа жетекшілері Трамппен кездесу кезінде Зеленскийге көмектескісі келеді

Дереккөздерге сүйенген Politico-ның жазуынша, Еуропа жетекшілері Украина президенті Владимир Зеленскийдің алдағы Вашингтонға сапары барысында оны қолдауға ниетті. Осы мақсатта Зеленскиймен қатар Вашингтонға НАТО бас хатшысы Марк Рютте және Финляндия президенті Александр Стубб баруы да мүмкін. Бұл екі саясаткердің Трамппен қатынасы жақсы.

Axios-тың жазуынша, Владимир Зеленский және Еуропа басшыларымен телефон әңгіме кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен үшжақты келіссөзді 22 тамызда өткізгісі келетінін айтқан. Алайда Путин мұндай кездесуге қатысатынын ресми түрде айтпаған.

Трамп Путинмен Аляскадағы кездесуден кейін атысты тоқтатуды емес, Ресей мен Украина арасында бейбіт келісім жасалғанын қалайтынын жеткізген.

Киев Донбаста украин күштері бақылап отырған аумақтан кетпейтінін мәлімдеген. Алайда бұл – Мәскеу алға тартып отырған негізгі талаптардың бірі.

Бұған қоса, бірқатар ақпарат құралдары Трамп Украинаға Мәскеумен бейбітшілік шартына қол қойған жағдайда қауіпсіздігіне кепілдік беруді ұсынғанын жазды. Мәселе НАТО-ның бесінші бабында жазылған ұжымдық қорғаныс жөнінде болып отыр. Бұл бапқа сәйкес, жаңа соғыс басталған жағдайда гарант-елдер басқыншыға бірігіп жауап береді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 09:36:09 +0300
Бақытжан Төреғожинаның өзі мұны "құқық қорғау қызметі үшін қудалау" деп атады.

“Билік мені қорқытып, аузымды жабу үшін не істерін білмей отыр! Мені Қылмыстық кодекстің 405-бап тыйым салынған ұйым туралы қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеп, қылмыстық іс бойынша бірде-бір сұрақ қоймады! Мені полициядан аула арқылы шығарып, күштеп үйге жеткізді, осылайша мені қолдағандармен кездестіруге мүмкіндік бермеді. Елде не боп кетті?” деп жазды құқық қорғаушы желіде.


Полиция ешқандай түсініктеме бермеді
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 09:33:51 +0300
Полициядан шыққан адвокат Ғалым Нұрпейісов Бақытжан Төреғожинаны жексенбі күні таңертеңгі 7 шамасында Ганди паркінде жаттығу жасап жүрген жерінен ұстап әкеткенін айтты. Полицейлер ол жақта “қандай да бір митинг өтетінін” айтқан.

Оны “Қазақстанның демократиялық таңдауы” (ҚДТ) қозғалысына қатысты іс бойынша куәгер ретінде тергеген.

Адвокатың сөзінше, бұдан кейін полицейлер оны үйіне әкеткен. Ғалым Нұрпейісов тергеуден кейін Алмалы аудандық полиция қызметкерлері оны ғимараттан итеріп шығарғанын айтты. Ол шағым түсіретінін жеткізді.

ҚДТ-ны Қазақстан соты "экстремистік ұйым" деп таныса, Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

Видео: Пятое января телеграм-арнасы
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 09:06:01 +0300
Астана мен Оралда да Марат Жыланбаевты қолдау марафоны өтеді деген жерге полиция барған

"БелсенділерЭкстремистЕмес" тобы жариялаған видеоларда Оралда полицияның белсенділер Маруа Ескендірова мен Роза Қариеваны ұстағаны көрінеді. "Біз митинг емес, жүгіруге келдік. Бұл митинг емес қой" дейді Маруа Ескендірова полицейлерге. Видео сол жерден ұзіледі.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 08:25:58 +0300
Белсенді Абзал Достияровтың айтуынша, Бақытжан Төреғожинаны қылмыстық іске қатысты полиция басқармасына жеткізген.

"Қылмыстық кодекстің 405-ші бабы ("тыйым салынған ұйымның ісіне қатысу") бойынша куәгер ретінде сұралып жатыр” деді ол.

Адвокат әзірге полиция басқармасынан шықпады
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 08:21:09 +0300
Шымкентте де белсенді Ермек Қонышбаев ұсталды деп хабарлады "БелсенділерЭкстремистЕмес" тобы. Өзі жариялаған видеода Марат Жыланбаевқа бостандықты талап етіп, белсендіге арналған марафонға барайын деп жатқан кезде екі полицейдің өзін аңдығанын айтады. Кейінірек полицейлердің оны ұстамақ болғаны байқалады
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 08:04:19 +0300
🔴Марат Жыланбаевтың туған күніне орай марафон өтеді деген күні әр өңірде белсенділер ұсталып жатыр

Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында кемінде төрт адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат бар

Толығырақ оқыңыз
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 08:01:37 +0300
Адвокат Ғалым Нұрпейісов полицияға кіріп кеткен. Алмалы аудандық полиция басқармасының сыртында Бақытжан Төреғожинаны қолдаған белсенділер жүр. Қазір адвокат телефонын алмайды. Адвокаттың 8.30-да белсенді Абзал Достияровқа айтқаны.

Видео: Абзал Достияровтың Facebook парақшасынан алынған
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 07:34:41 +0300
Шығыс Қазақстан облысында да белсенді Серік Ыдырышев ұсталғаны хабарланды

“БелсенділерЭкстремистЕмес” тобы жариялаған видеода полиция қызметкерлері Ыдырышевқа әкімшілік хаттама толтырылғанын айтып, бөлімшеге бару керектігін айтады. Ыдырышев бөлімшеге өз көлігімен баратынын жеткізеді.

Оның сөзінше, бүгін тіркелмеген “Алға, Қазақстан” партиясы өкілдері Марат Жыланбаевтың туған күні оны қолдап, 1 шақырымдық марафон өткізу челленджін жариялаған. Белсенді полицияның ұстауын “саяси қысым”, “заңсыздық” деп атайды. Жергілікті полиция түсініктеме бермеді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 06:55:46 +0300
Алматыда белсенділер Нинагуль Жұманиязова мен Күміс Құлманованың да ұсталғаны хабарланды.

Олар Марат Жыланбаевтың туған күніне орай өтетін шараға бара жатқан жолда ұсталды деп хабарлады "БелсенділерЭстремистерЕмес" тобы.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 06:37:55 +0300
Бір күн бұрын құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина түрмедегі белсенді Марат Жыланбаев туралы жазба жариялаған.

15 тамызда “Письма президенту” телеграм-арнасы Марат Жыланбаевтың түрмедегі камерадан түсірілген видеосын жариялаған.

“Аштықтың салдарынан марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайы мүшкіл деген интернетте тараған ақпаратты жоққа шығаратын эксклюзивті кадрлар алынды. Бақытжан Төреғожина спортшының жағдайы туралы хабарлаған” деп жазылған видео сипаттамасында

Шамамен бір минуттық видеода Марат Жыланбаевтың жеңіл жаттығу жасап, тамақ ішкені, кітап оқығаны көрінеді. Видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Онда таймер көрсетілмеген.

16 тамызда құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина сол видеоға қатысты пікірін жазған.

“Билік енді менің ақпаратымды күн сайын жоққа шығара ма? Маратты тірі көру үшін күн сайын жазуға дайынмын! Қараңыздар, терісі терісіне жабысып тұр. Ол кеше аштықтан шыққан кезде түсірген сияқты” деп жазған құқық қорғаушы.


Оның ұсталуына осы жазбаның қатысы бар-жоғы белгісіз.

Видео: Письма президенту телеграм-арнасы жариялаған
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sun, 17 Aug 2025 06:04:04 +0300
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзін полиция ұстағанын хабарлады

“Мені ұстап жатыр, Алмалы аудандық полиция басқармасына апара жатыр” деп жазды 17 тамызда таңертең Төреғожина желіде.

Алмалы аудандық полиция басқармасының кезекші бөлімінде отырған өзін Данияр Мансұров деп таныстырған қызметкер әзір
ге полиция басқармасына ешкім әкелінбегенін айтты. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек ақпаратты анықтап көретінін, өзі хабарлайтынын айтты.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 15:55:36 +0300
💬 АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстандағы адам құқығы ахуалына арналған есебін жариялады

АҚШ мемлекеттік департаменті 12 тамызда Қазақстандағы адам құқығы ахуалына арналған есебін жариялады. Вашингтон баяндамасында Қазақстанда сөз бостандығы тұншықтырылып, журналистерге қысымның үдегені, азаматтарды еркінен тыс қамау мен ұстау жалғасып жатқаны, кәсіподақ ұйымдарының жұмысы қиындағаны және өзге де құқық бұзушылықтар туралы айтылған.

Есептің едәуір бөлігі Қазақстандағы баспасөз еркіндігінің шектелуі мен журналистерге қарсы шабуылға арналған.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 12:43:45 +0300
Reuters: Трамп Путинге әйелінің хатын тапсырды. Онда Украинада ұрланған балалар жөнінде айтылған

АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамп Владимир Путинге беріп жіберген жеке хатында Украина мен Ресейдегі балалардың жағдайы туралы жазған. Бұл жөнінде Ақ үйдегі екі дереккөзге сүйенген Reuters жазды.

Бұл хатты Путинге Аляскадағы келіссөз кезінде Трамптың өзі жеке тапсырды
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 12:37:40 +0300
Қазақстан Трамп-Путин кездесуін жылы қабылдады

Қазақстан АҚШ пен Ресей президенттерінің Аляскадағы кездесуін жылы қабылдап, “Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы” деп атады

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды” деп санайды деп жазылған Ақорда хабарламасында.

“Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті” деді Ақорда.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 11:57:32 +0300
❗️Путин мен Трамптың саммитінен кейін Еуроодақ елдерінің елшілері Брюссельге шұғыл кездесуге шақырылды. Ол Украинадағы жағдайға арналмақ. Бұған дейін Еуроодақ басшылары АҚШ президентімен телефон арқылы Аляскада өткен саммитті талқылаған.

Трамппен Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен, Польша, Финляндия, Франция, Германия басшылары сөйлескен. Олар АҚШ пен Украина президенттерінің келіссөзіне қосылған.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 11:12:56 +0300
Axios тілшісі: Трамп пен Зеленский және НАТО басшылары арасында “күрделі әңгіме” болған

Дереккөздерге сүйенген Axios тілшісі Барак Равид АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы телефон әңгіме шамамен бір сағатқа созылғанын жазды.

Одан кейін әңгімеге Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Финляндия, Польша, НАТО бас хатшысы Марк Рютте және Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен қосылған. Ол шамамен жарты сағатқа созылған.

Дереккөздің айтуынша, әңгіме “күрделі” болған. Трамп Зеленскийді дүйсенбі күні Вашингтонға шақырғаны хабарланды.

Бұған дейін Трамп Аляскада Ресей басшысымен кездесуден кейін Зеленский мен Еуропа басшыларына телефон шалып, саммиттің қорытындысын хабарлайтынын айтқан еді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 08:57:29 +0300
Путинмен кездесуден кейін Трамптың Fox News арнасына берген сұхбатындағы негізгі тұстар:

🔸"Келісім жоқ, бірақ прогресс бар".

🔸Жалпы алғанда Трамп Путинмен кездесуді “өте жақсы” бағалады. Тілшінің “10 балдық шкала бойынша қалай бағалар едіңіз?” деген сұрағына “10-ның 10-ы” деп жауап берді. “Жақсы тіл табыстық” деді Трамп.

🔸Трамптың ойынша, Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған “келісім” жасасқысы келеді, бірақ Ресей мен АҚШ-тың ұстанымдары “маңызды бір мәселе” бойынша қиыспайды. Қандай мәселе екенін Трамп нақтыламады.

🔸Украина жерін бақылауға алу мәселесі Путинмен кездесу кезінде талқыланғанын Трамп мойындады, “көп жағдайға” екі жақ келіскен. Бірақ жай-жапсарына тоқталмады. Десе де, Трамп ендігі шаруа Украинада деді, “бәлкім, олар келіспеуі мүмкін”.

🔸Трамп Путин мен Зеленскийдің үшжақты кездесуіне қарсы емес, бірақ бұл жөнінде ең әуелі Мәскеу мен Киев келісуі керек деп санайды.

🔸Трамптың пікірінше, алдағы уақытта Ресей мен Украина тұтқын алмасуы мүмкін.

🔸АҚШ президенті “өзі елді басқарғанда Украинадағы соғыс болмайтын еді” деген бұрын айтып келген сөзін қайталады, соғысқа “жол берген” Джо Байденді кінәлады.

🔸Трамптың ойынша, “енді Путин АҚШ-ты құрметтейді”, ал Байден тұсында “оны құрметтемеген”.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 08:13:06 +0300
“Президент Путин, бейбіт тұрғындарды өлтіруді қашан доғарасыз?”

Анкоридждегі Трамп пен Путиннің кездесуінде назар аудартатын жайттардың бірі осы болды.

Америкалық әскери базада журналистер Ресей президенті Владимир Путинді осындай сұрақпен қарсы алды. Бірақ Путин “естілмей тұр” дегендей құлақ жағын ұстап Трампқа бірдеңе деді. Осы сәттің видеосын BBC жариялады.

Одан бұрын Путинге қарата "Украинаның күшін төмен бағаладыңыз ба?" деген де сұрақ естілді.

Видео: BBC-дің орыс қызметі
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 07:44:21 +0300
Костенко шахтасында 46 адамның өмірін қиған апат бойынша істе үкім оқылды

15 тамызда Қарағанды соты Костенко шахтасында 46 адамның өмірін қиған апатқа қатысты айыпталған 10 адамды түрмеге жіберді.

Шахтаның директоры Сергей Мустивко 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның өндіріс бойынша орынбасары Вадим Еремин, бас инженер Николай Грознов пен №6 учаске бастығы Виктор Коптенков 7 жыл түрмеге кесілді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 05:50:19 +0300
🔴Трамп-Путин келіссөзі: Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келісім жасалған жоқ. Сарапшылар не дейді?

Аляскада шамамен үш сағатқа созылған келіссөзден кейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп шағын баспасөз конференциясын өткізді, бірақ журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ.

🔗Толығырақ оқыңыз
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Sat, 16 Aug 2025 03:33:54 +0300
Трамп пен Путин келісімге келе алмады

Анкориджде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесті. Келіссөз шамамен үш сағатқа созылды.

Бастапқыда Трамп пен Путин аудармашылардың қатысуымен бетпе-бет кездесетіні хабарланған еді. Алайда формат өзгертіліп, келіссөзге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы уәкіл Стив Уиткофф те қатысты. Ресей жағынан Путиннің жанында көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болған.

Келіссөзден кейін Анкориджде Трамп пен Путин бірігіп баспасөз конференциясын өткізді. Онда бір-біріне мақтау сөздер айтысты, бірақ қандай да бір нақты нәтиже жөнінде хабарламады.

АҚШ президентінің сөзінше, кездесу “өнімді” болған. Бірақ “келісімге” келмегендерін айтты. Ал Ресей президенті баспасөз конференциясы кезінде бірнеше рет тараптар “келісімге келгенін” айтты.

Екі басшы да журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 16:18:27 +0300
Орталық Азия елдерінің президенттері өз имиджін спорт арқылы қалай қалыптастырып жүр?
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 13:45:42 +0300
Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы тасымалдайтын мұнайды уақытша Каспий құбыр консорциумы арқылы жіберіп жатыр

Бұған – Azeri Light маркалы Әзербайжан мұнайы партиясының Жерорта экспорттық жүйесін бұзуы түрткі болған. Бұл жөнінде S&P Global хабарлады.

Шикізат сапасына қатысты мәселені алғаш рет British Petroleum 24 шілдеде анықтаған. Соның салдарынан форс-мажор қалыптасып, Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мен Түркіменстан мұнайын айдау тоқтаған. Шілде соңында Транскаспий бағытымен мұнай айдау толық тоқтады және Қазақстан мұнайды Каспий құбыр консорциумына бағыттауға мәжбүр болған. Бұл уақытша шешім екені айтылады.

Қазақстан үкіметі әзірге реакция білдірген жоқ.

Ресей Украинада соғыс бастағалы бері Қазақстан билігі балама жолдар, оның ішінде Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры туралы жиі айтатын болған. Кейінгі уақытта осы бағытта тасымал көлемі артқанымен, әлі де болса Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы өтетін көлеммен салыстырғанда әлдеқайда аз. Былтыр Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры Қазақстаннан 1,5 миллион тонна мұнай қабылдады. Сол уақытта үкімет жоспарында мұнай тасымалын жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отырғаны айтылғанымен, нақты мерзімі аталған жоқ.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 13:06:42 +0300
💬 Өзбекстан елге эвакуацияланған палестиналықтарға баспана мен жәрдемақы бермек

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елге келген палестиналықтарға тұрақты көмек көрсету және әлеуметтік тұрғыда қолдау туралы жарлыққа қол қойды.

Былтыр желтоқсан айында Газа секторындағы шайқас кезінде жараланған 100-ге жуық әйел мен бала Өзбекстанға жеткізілген еді. Президенттің жарлығына сәйкес, үкімет оларды тегін балабақша, мектеп және медициналық қызметпен қамтамасыз етпек.

Балалар оқуы және кез келген қосымша сабақ 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін тегін болады, 18 жастан асқандарды жұмыспен қамту бағдарламасы да іске қосылады.

Палестиналық босқындардың барлығына бір ай ішінде Өзбекстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін құжаттар беріледі және кәсіптік білімі барлардың дипломдары ел аумағында мойындалуы керек. Палестиналық балаларға Өзбекстанда кәмелетке толмағандарға берілетін төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру және арнайы көмек көрсетіледі. Бұл бағдарламаға жұмсалатын қаражат үшін арнайы қор ашылып, қарапайым азаматтар мен халықаралық ұйымдардан гранттар жиналады.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 11:19:14 +0300
🗣Тимур Құлыбаевқа тиесілі мұнай-газ компаниясының шығыны екі есе артты

“Кристалл менеджмент” компаниясы 2025 жылдың алғашқы алты айында 1,8 млрд теңге шығын көрген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 894,2 млн теңге болған. Бұл жөнінде “Курсив” іскерлік басылымы жазды.

Соған қарамастан компанияның кірісі 7,6 млрд теңгеге жеткен, активтері 60 млрд теңгеге артқан. Былтыр кәсіпорын 5,3 млрд теңге кіріс келген.

Компания Ұлытау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында көмірсутектерді барлау бойынша келісімшартқа ие.

Компанияның бақылау пакеті (51%) Joint Resources арқылы Құлыбаевқа тиесілі. Forbes дерегінше, Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Динара Құлыбаеваның жиынтық байлығы 10 миллиард доллардан асады.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 10:54:46 +0300
Анкориджде Трамп-Путин саммиті қарсаңында Украинаны қолдау және Путиннің АҚШ-қа сапарына қарсы митинг өтті
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 10:18:08 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 09:55:50 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 09:05:49 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 08:40:41 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 07:40:35 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 07:07:58 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 06:55:14 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Fri, 15 Aug 2025 06:14:36 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 16:45:28 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 14:53:24 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 14:15:13 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 13:20:02 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 12:56:58 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 12:38:45 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 10:34:03 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 10:04:47 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 09:09:22 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 08:40:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 08:03:10 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 06:57:23 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Thu, 14 Aug 2025 06:40:24 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 16:30:56 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 16:08:12 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 15:17:11 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 15:04:56 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 13:15:40 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 11:39:05 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 11:15:35 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 10:21:58 +0300
💬 ABC: Путинмен кездесуге дейін Трамп Зеленскиймен қашықтан келіссөз жүргізеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс сәрсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский және Еуропадағы одақтастарымен қашықтан келіссөз жүргізеді. Бұл жөнінде Америкадағы дереккөздерге сүйенген ABC News хабарлады. АҚШ пен Украина билігі өкілдері Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуіне екі күн қалғанда кездесейін деп отыр.

Америка-Ресей саммиті жұма күні Аляскадағы Элмердорф-Ричардсон әскери базасында өтеді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 09:35:29 +0300
💬 Зеленский: Украина әскері Донецк және Луганск облыстарынан кетпейді

Донбастан кетпейміз – оған жол бере алмаймыз. Біздің жерімізді заңсыз тартып алды. Донбасты орыстарға беру – болашақтағы шабуылдарға плацдарм болмақ. Егер Донбастан өз еркімізбен кетсек немесе бізге қысым жасаса – үшінші соғысқа жол ашылады

деді Зеленский.

Әрине, Американың ұстанымын көргім келген. Біздің жерімізді басып алады, украиндарды өлтіреді, одан кейін «әрі қарай сіздерді өлтірмесін десеңіздер, кетулеріңіз керексіздер” дейді. Донецк облысынан кету керек пе? Қандай ымыра болды? НАТО, ЕО құрамына енеміз бе? Ертең соғыс қайта басталмайтындығына және Путин кемінде Днепр, Запорожье мен Харьковты басып алуға талпынбайтындығына кепілдік беретін ештеңе естіген жоқпыз. Ол Американың екі президенті тұсында екі рет соғыс бастады, үшінші соғысты бастамайтындығына не кедергі?

деді Зеленский.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 08:38:01 +0300
Бүгіннен бастап Қазақстан аумағында Starlink интернетін пайдалану қызметі іске қосылды. Бұл жөнінде цифрлық даму министрлігі хабарлады.

"Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді" деп жазылған хабарламада.

Маусым айында Қазақстан цифрлық даму министрлігі мен Starlink компаниясы "Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде" келісімге қол қойған.

Әзірге Starlink қызметінің құны белгісіз. Starlinkinsider.com мәліметінше, Моңғолияда ай сайынғы абоненттік төлем құны – 27 мың теңге. Жабдықтары жеткізуді есептегенде 243 мың теңге.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 07:39:44 +0300
📹 Қытай гүлдері Қазақстан нарығын қалай "жаулап" жатыр?

Былтыр Қытайдан Қазақстанға гүл экспорты 13 есе артқан. Осындай көрсеткішпен Қытай Қазақстан нарығына әкелінетін гүл көлемі бойынша үшінші орынға шықы. Кәсіпкерлердің сөзінше, Қытай импортының артуына арзан баға мен тиімді логистика әсер еткен.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Wed, 13 Aug 2025 06:19:08 +0300
💬«Хочу жить»: Орталық Азия елдерінің мыңнан астам азаматы шарт мерзімі бітсе де, Украинада Ресей жағында соғысып жатыр

Ресей қорғаныс министрлігімен жасасқан шарт мерзімі аяқталғанына қарамастан Орталық Азия елдерінің 1257 азаматы Украинада Ресей әскері қатарында соғысып жатыр.

12 тамызда жоба өккілдері шарт мерзімі аяқталғаннан кейін де Ресей әскері жібермей жатқан өзге ел азаматтарының рейтингісін жариялады. Бірінші орында Өзбекстан тұр: жоба мәліметінше 426 өзбек азаматы мерзімі өтіп кеткен келісімшартпен Ресей қарулы күштері қатарында жүр.

Ресей әскері қатарында келісімшарт мерзімі аяқталған 367 тәжік, 241 қазақстандық, 155 қырғыз азаматы және 68 түркімен азаматы бар.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 15:35:10 +0300
Ресей мигранттардың балаларын тегін орта білімнен айыруы мүмкін

Ресей Мемлекеттік думасында түрлі фракцияға мүше депутаттар тобы мигранттардың балаларын тегін орта білімнен айыратын заң жобасын ұсынды. Жоба бойынша, шетел азаматтарының балалары ақылы оқуға тиіс. Бұл туралы "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.

Заң жобасын ұсынған депутаттар қатарында ЛДПР партиясынан шығарылған Ярослав Нилов, "Справедливая Россия - За правду" партиясының мүшесі Яна Лантратова және КПРФ мүшесі Нина Останина бар.

Жоба "Білім туралы заңға" түзету енгізуді көздейді.

Авторлар жоба түсініктемесінде Ресей ішкі істер министрлігінің дерегін келтіреді. Депутаттар бүгінде Ресей мектептерінде 181 мың мигрант баласы оқитыны және олардың көбі "орыс тілін жетік білмегендіктен сабақ оқуда қиналатынын", сол себепті мұғалімдер оларға көбірек көңіл бөлуге мәжбүр екенін айтады. Олардың сөзінше, орта мектептерде мигрант балаларының саны артқандықтан, оқушыларға орын жетіспей, мұғалімдерге артық салмақ түсіп жатыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 13:54:18 +0300
АҚШ депортациялаған 25 қырғыз азаматы Бішкекте жеткізілді

АҚШ көші-қон заңын бұзды деп айыпталған 25 қырғыз азаматы 9 тамыз күні арнайы рейспен Бішкекке жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қырғыз сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, енді бұл азаматтарға АҚШ есігі 5, 10, 15 жылға немесе өмір бойына жабылмақ.

"Елге заңсыз түрде қайта кіру әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты, АҚШ-та заңсыз жүрген Қырғыз Республикасының азаматтарын елден өз еркімен кету мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз" делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.


Маусымның басында Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа келуге тыйым салып, 7 елдердің азаматтарына шектеу енгізді. Маусымның ортасында Трамп тағы 36 елдің азаматтарына АҚШ-визасын беруге тыйым салуды қарастырып отырғаны, бұл елдердің ішінде Қырғызстан да бары хабарланды. Осыдан кейін Қырғызстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Бішкектегі елшілігімен келіссөз жүргізді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 12:00:41 +0300
"Бағанашыл" балалар үйіндегі дау: үш шенеунік қызметінен қағылды

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына күштеп көшіру кезінде болған даудан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары мен облыстағы екі басқарманың жетекшісі қызметінен алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лауазымынан босатылғандар – Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов.

Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне былтыр тамызда тағайындалған. 2021 жылдан бері ол Қостанай облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болған. Қызметін 2000 жылы бастаған Күреңбеков түрлі жылдары Павлодар, Алматы облыстарында, Алматы, Астана қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызметтерін атқарған.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 10:28:46 +0300
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: үшінші адамның сүйегі табылды

Сейсенбі, 12 тамыз күні Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасынан апатқа ұшыраған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесі Аман Амангелдінің мәйіті табылды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

"12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат" деді министрлік Telegram-арнасында.


Бұған дейін оқиға орнынан экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаев пен борт технигі капитан Бақтияр Ержігітовтің сүйегі табылған.

Қорғаныс министрлігіне қарасты ЕС-145 әскери тікұшағы 25 шілде күні Алматы облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен. Кейінірек тікұшақ сынықтары Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасынан табылып, құтқарушылар экипаж мүшелерін осы су қоймасынан іздеуге кіріскен.

Нұржігіт Үйсінбаев 10 тамыз күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат ауылының зиратына, Бақтияр Ержігітов Павлодар облысында жерленді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 09:25:51 +0300
АҚШ пен Қытай сауда бітімін 90 күнге ұзартты

Вашингтон мен Пекин сауда бітімін тағы бір 90 күндік мерзімге ұзартты. АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі, 12 тамыз күні Truth Social әлеуметтік желісінде Қытай тауарына баж салығын арттыруды 10 қарашаға дейін шегеретін жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Қытай сауда министрлігі де АҚШ тауарларына баж салығын арттыру мәселесін үш айға шегеретінін хабарлады.

АҚШ пен Қытай арасындағы осыған дейін сауда бітімі сейсенбіде аяқталуға тиіс болған. Бұған дейін Вашингтон қытай тауарларына баж салығын 145 пайызға дейін, ал Қытай америкалық импортқа қойылған салықты 125 пайызға дейін көтеретінін мәлімдеген. Енді қарашаға дейін қытай импортына қойылған баж салығы 30 пайыз, америкалық импортқа қойылған салық 10 пайыз көлемінде болмақ.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 06:23:16 +0300
Баку Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі жобасын жариялады

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Баку мен Ереван арасындағы парафирленген бейбіт келісімнің 17 тармақтан тұратын мәтінін жариялады.

Бұл құжатқа қарағанда, тараптар бір-біріне қарсы күш қолданудан бас тартады, бөлек келісім аясында шекара делимитациясын жүргізеді, сондай-ақ бейбіт келісім шарттарын орындауды қадағалау жөнінде ортақ комиссия құрады.

Сонымен қатар келісім күшіне енгенде Әзербайжан мен Армения бір-біріне қарсы берген халықаралық сот шағымдарын қайтарып алмақ.

8 тамыз күні Вашингтондағы кездесуде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскери қақтығыстан бас тартып, дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті.

"Олар 35 жыл бойы соғысты. Енді олар достасып отыр" деді Трамп үшжақты келісімді қорытындылап.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Tue, 12 Aug 2025 06:21:19 +0300
Тоқаев "Росатом" салатын АЭС-ке атау беру жөнінде конкурс өткізуді ұсынды

Бұл ұсынысты ол халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты.

– Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз, – деді ол.


Өткен аптада Алматы облысында станция құрылысы ресми түрде басталған. Орталық Азиядағы алғашқы АЭС-ті Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы салмақ. 8 тамыз күні облыстағы Үлкен ауылында Қазақстан атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатомның" бас директоры Алексей Лихачев салтанатты батырманы басып, нысанға капсула салды.

Құрылыс Ресей халықаралық санкцияға ұшырап, ұзақмерзімді міндеттемелерін орындау әлеуеті әлсіреген тұста жүрмек. Биыл шілдеде Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясын салу алаңында жалақы кешіккенін айтқан жұмысшылар ереуіл бастаған. "Росатом" жалақының кешігуіне "дос емес елдердің әрекеті" түрткі болды деді.

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті қытайлық CNNC компаниясы соқпақ. Байқаушылардың айтуынша, екінші және үшін станция құрылысы тезірек аяқталып, жалпы құны "Росатом" станциясынан арзанға шығуы ықтимал. Сәтқалиевтің сөзінше, "Росатом" жобасын жүзеге асыруға шамамен 14-15 млрд доллар жұмсалмақ.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 11 Aug 2025 15:20:21 +0300
🗣 Сорбұлаққа құлаған тікұшақта болған екінші ұшқыш Павлодар өңіріндегі туған ауылында жерленді

11 тамыз күні Павлодар облысында жақындары мен ауылдастары 32 жастағы Бақтияр Ержігітовті ақтық сапарға шығарып салды. Бір үйдің жалғыз ұлы болған марқұмның артында әйелі, төрт жасар ұлы мен екі жасар қызы қалды.

Бақтияр Ержігітов екі әріптесімен бірге 25 шілде күні Алматы облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен EC-145 әскери тікұшағында болған. Кейінірек тікұшақтың сынықтары Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы аумағынан табылып, тікұшақ пен экипаж мүшелерін су қоймасынан іздестіру жұмыстары басталған.

9 тамызда Сорбұлақта 14 метрге жуық тереңдіктен тікұшақ бөлшектері мен бір адамның сүйегі табылды. Ол адам – әскери тікұшақ экипажының командирі, 33 жастағы майор Нұржігіт Үйсінбаев екені анықталды. Келесі күні Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылды.

Нұржігіт Үйсінбаев 10 тамызда Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат ауылындағы зиратқа жерленді. Марқұмның артында үш жарым жасар ұлы қалды.

Апатқа ұшыраған тікұшақта болған үшінші адам – Аман Амангелді әлі табылған жоқ. Құтқарушылар оны іздестіріп жатыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001084867760 Mon, 11 Aug 2025 12:55:11 +0300
NYT: Дмитрий Козак Путинді соғысты доғаруға көндіруге тырысқан

Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Владимир Путиннің жақын серіктерінің бірі Дмитрий Козак жуырда Путинге Украинадағы соғысты тоқтатып, бейбіт келіссөз бастау жайлы ұсыныс жасаған. The New York Times басылымы Кремльге жақын бірнеше дереккөзге сүйеніп, осылай деп жазды.

Олардың айтуынша, Козак Путинге соғыс іс-қимылдарын тоқтатуға қоса Ресейде ішкі реформалар жүргізуді де ұсынған. Атап айтқанда, ол күштік құрылымдарға бақылауды күшейту және тәуелсіз сот жүйесін құру қажеттігін айтқан.

Ұзақ уақыт бойы маңызды мемлекеттік жобалар мен өңірлерді қадағалаған Козак кейінгі кезде Кремльдегі ықпалынан біртіндеп айырыла бастаған. Ол атқарған өкілеттіктердің көбі Украинаға байланысты қатаң ұстанымды қолдайтын және оккупацияланған аумақтарды басқаруға белсенді араласып жүрген Сергей Кириенкоға өткен. Соған қарамастан, Козак Украинадағы соғысқа жеке басы қарсы адам ретінде белгілі Ресейдің санаулы жоғары лауазымды тұлғаларының бірі болып қалып отыр.

Дереккөздер Ресей Украинаға кең ауқымды басқыншылық соғыс ашпай тұрып-ақ Путинді ондай соғыстың қандай салдары болуы ықтимал екендігі жайлы, соның ішінде украин армиясы мен қоғамының қатаң қарсылығына тап болғатынын ескерткенін айтқан. Соғыс басталғаннан кейін ол бітім жөнінде келісуге тырысқан, алайда Путин оның ұсыныстарын қабылдамай тастаған. Соған қарамастан, Козак Путинге жолығу мүмкіндігінен айырылған жоқ және ол Батыс өкілдерімен бейресми байланыстарға қатысып келеді дейді дереккөздер.
Подробнее
]]>