Лента постов канала Tengri.kz (@tengri_kz) https://t.me/tengri_kz Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында. ru https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 22 Aug 2025 15:06:21 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 22 Aug 2025 13:26:56 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 22 Aug 2025 11:13:17 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 22 Aug 2025 09:26:43 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 21 Aug 2025 16:07:17 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 21 Aug 2025 15:00:11 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 21 Aug 2025 11:02:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 21 Aug 2025 08:23:17 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 15:25:19 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 14:14:36 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 13:46:52 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 10:06:45 +0300
Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайға қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімі бойынша ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 09:41:37 +0300
Бестеректе қаза тапқан балалардың жасы 2 мен 7 жас аралығында, ал зардап шеккендердің жасы 6-дан 9 жасқа дейін.

Қаза тапқандардың екеуі Жаңғызтөбе ауылының тұрғындары болған, ата-әжесіне қонаққа келген. Бір бала Үржар ауданының тұрғыны болған.

Зардап шеккен балалардың екеуі – Үржар ауданынан, біреуі – Жарма ауданынан.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 20 Aug 2025 08:41:54 +0300
Денсаулық сақтау министрлігі Бестеректегі қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы жайлы мәлімет берді.

Бір баланың жағдайы өте ауыр, ал тағы екеуінің хәлі тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Дәрігерлер олардың бас-миына, тірек-қимыл жүйесіне және ішкі ағзаларына зақым келгенін айтады.

Балалардың жағдайы тұрақталған соң, оларды әуе көлігімен Астанаға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазір дәрігерлер қыздардың біріне миына күрделі ота жасап жатыр, ішкі ағзалардағы қан кету тоқтатылған.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 21:24:57 +0300
Президенттің тапсырмасымен Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілді.

Бортта зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 21:24:12 +0300
Абай облысына қарасты Бестерек ауылында қайғылы оқиға болды. Үй жанында ойнап жүрген балаларды көлік қағып, соның салдарынан үш бала көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды. Тексеру нәтижесінде оның оқиға кезінде мас болмағаны белгілі болды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 18:02:52 +0300
📲 Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарға жаңа талаптар күшіне енеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті биыл енгізілетін бақылау тәртібін түсіндірді.

🔹 Егер 3 ай ішінде бір шотқа 100-ден астам әртүрлі адамнан ақша түсіп, жалпы көлемі 1 020 000 теңгеден (2025 жылғы ең төменгі жалақының 12 есесі) асса, ол кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады.

🔹 Мұндай деректерді банктер салық органдарына жіберіп отырады.

🔹 Салық органдары алдымен талдау жүргізіп, кәсіпкерлік қызмет белгілері байқалса, азаматқа ескерту жолдайды. Оны орындау үшін 30 жұмыс күні беріледі.

Егер талап орындалмаса, тақырыптық салықтық тексеріс басталады.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 16:35:31 +0300
Сотта төрағалық етіп отырған судья Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша үкімнің 20 тамызда шығарылатынын хабарлады.

“Үкім шамамен ертең сағат 12:00-лерде жарияланады. Бірақ бұл уақыт нақты емес, мүмкін түстен кейін жариялаймыз. Сау болыңыз”, – деді ол.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 15:15:43 +0300
Путин Зеленскиймен кездесуге келісті.

Бұл ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамп жасағанын мемлекеттік хатшы Марко Рубио хабарлады. Ол үшжақты кездесу өтсе, келісімге қол жеткізуге мүмкіндік барын айтты.

Дегенмен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Зеленский мен Путиннің кездесу мүмкіндігіне қатысты пікір білдіріп, оның тез арада болмайтынын аңғартты.

"Ресей Украина мәселесін реттеу бойынша ешқандай жұмыс формасынан – екіжақты да, үшжақты да – бас тартпайды, бірақ ең жоғарғы деңгейдегі тұлғалардың қатысуымен болатын кез келген кездесулерді аса мұқият дайындау қажет", – деді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 12:50:44 +0300
Астанадағы Назарбаев Университетінің жатақханасында 22 жастағы студент қыз 12-қабаттан құлап қаза тапты.

Оқиға 15 тамызда болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Университет қайғылы жағдайды растады.

Бұл – соңғы бір айдағы екінші осындай оқиға: 18 шілдеде жатақханадан тағы бір студент қыздың мәйіті табылған еді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 12:22:44 +0300
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық ісін қарап жатқан судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру тағайындалды. Ол сотта журналистке тілін көрсеткен сәт видеоға түсіп қалған.

Соттың баспасөз қызметі судьяның әрекеті әдеп кодексін бұзу тұрғысынан зерттелетінін мәлімдеді. Материалдар әдеп жөніндегі комиссияға жолданады, ал тәртіптік теріс қылық дәлелденсе – Жоғары сот кеңесі жанындағы Судьялық алқаға беріледі.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 11:30:46 +0300
Астанада LRT станцияларының атауы бекітілді.

101 - "Әуежай";
102 - "Атамекен";
103 - "Есіл";
104 - "Мәңгілік ел";
105 - "Астана жұлдызы";
106 - "Нұра";
107 - "Университет";
108 - "Ұлы дала";
109 - "Астана Арена";
110 - "Жекпе-жек сарайы";
111 - "Сығанақ";
112 - "Бәйтерек";
114 - "Министрлік үйі";
115 - "Театр";
116 - "Мыңжылдық аллеясы";
117 - "Жібек жолы";
118 - "Нұрлы жол".
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 09:38:47 +0300
18 тамызда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша өткен сотта күтпеген жағдай болды. Судья Әбинұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсетті.

Ботагөз тілшімізге берген пікірінде Шымкенттегі сот процесіне деген таңданысын жасыра алмады.

“Видео түсіріп жатқан кезде айыпталушының әкесі Берденовтің адвокатына түрлі сөздер айтып жатқан еді, мен судьяның реакциясы қалай болады екен деп камерамды бұрғанда - ол кісі тілін шығарды. Шынын айтсам, біртүрлі болып қалдым. Жиырма жылдық тәжірибемде мұндайды алғаш көруім. Шымкенттегі соттар қызық өтеді екен. Мәселен, прокурор сот бойы айыпталушыны ақтаумен болды”, - деді видео авторы.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 08:21:54 +0300
Шерзат ісі бойынша сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

18 тамызда басталған апелляциялық сотта сегіз сотталушы ақтау немесе ішінара ақтауды талап етті. Отырыс офлайн режимде өтіп, түсірілімге рұқсат берілмеді.

Барлық тараптардың уәжін тыңдаған соң, сот алғашқы инстанциядағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 19 Aug 2025 06:41:20 +0300
Желіде Астана маңында болған жеңіл моторлы ұшақ апатының видеосы жарияланды.

Еске салайық, 17 тамызда Aerostar R40F UP-LA229 әуе апаты болды. Оқиға салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 22:19:16 +0300
Трамп пен Зеленский БАҚ өкілдерімен 25 минуттай сөйлесті.

— Трамп Путин және Зеленскиймен үшжақты кездесу арқылы соғысты аяқтаудың “ақылға қонымды мүмкіндігі” барын айтты.

— Егер кездесу өтпесе, ұрыс қимылдары жалғаса беретінін ескертті.

— Киевке “қорғаныс” уәде етті, бірақ НАТО-ға мүше болу жайын қозғамады.

— Зеленский Украинада президент сайлауын өткізу үшін қауіпсіздік кепілдіктері қажет екенін атап өтті.

— Киев АҚШ ұсынған соғысты тоқтату бастамасын қолдайтынын растады.

— Сондай-ақ Зеленский Украинаға барлық кепілдіктер қажет екенін, оның ішінде әскер мен АҚШ-ты қоса алғанда ірі елдердің қолдауы маңызды екенін жеткізді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 20:35:29 +0300
Сонымен қатар америкалық БАҚ Украина президентінің киім үлгісін талқылап жатыр.

Кей деректерге сүйенсек, Ақ үй Зеленскийден соңғы уақытта жиі киіп жүрген әскери стильдегі киімінен бас тартуды сұраған екен.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 20:33:07 +0300
Зеленский келіссөздер үшін Ақ үйге келді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президентін өзі қарсы алды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 19:58:35 +0300
Жақын арада Украина мен АҚШ президенттерінің келіссөздері басталады. Сонымен қатар Вашингтонға Еуропа көшбасшылары да келді (видеода – Италия премьері).

Келіссөздерге Франция мен Финляндия президенттері, Германия канцлері, Ұлыбритания премьері, Еурокомиссия басшысы және НАТО бас хатшысы да ұшып келді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 17:15:02 +0300
Бүгін Алматы облыстық сотында Шерзат Болат ісі бойынша сотталған 8 адамның апелляциялық шағымы қаралды. Сот сотталғандардың өтініштерін және іс бойынша куә болған екі қызға қатысты жеке қаулыларды талқылады.

Жалпы, адвокаттардың айтуынша, сотталғандар өтініштерінде оларды толық немесе ішінара ақтауды сұрайды. Сондай-ақ олар тағайындалған жаза мерзімімен келіспейді, себебі оны шамадан тыс қатаң деп есептейді. Мәселен, Равиль Сакиевтің анасы ұлын “Адам өлтіруге оқталу” бабынан ақтап, тек “Бұзақылық” бабын ғана қарастыруды сұрады.

Сот шешімін 19 тамызда сағат 10:00-де жариялайды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 14:59:35 +0300
Астанада әйел өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Полицияның мәліметінше, 30 жастағы әйел ұсталды.

Пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар егде әйелдің мәйіті табылған.

"Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында ұрыс туындап, ол жанжалға ұласқан. Сол сәтте қызы анасын пышақпен жаралаған", – делінген хабарламада.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 13:45:10 +0300
Прокурор Берденовке қастандық жасағаны үшін Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 13:07:13 +0300
Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот өтіп жатыр. Бүгін Берденов онлайн түрде жауап берді. Ол өзін фотоға және видеоға түсіруге тыйым салды.

Ол не айтты?

— Айыпталушы Жиембаймен бар-жоғы үш рет кездескен: екеуі жұмыс бабында, үшіншісі — қастандық кезінде

— Алғашқы кездесуде Жиембай жұмысы бойынша есеп бере алмаған.

— «Бірақ ол есепті кейін де берген жоқ – ақша қайда жұмсалды, қандай жұмыс атқарылды, қандай мердігерлер, тендерлер және қанша үйде жұмыс жүргізілгені туралы еш мәлімет болмады»

— Кейін Жиембай ішімдік ішкен күйде инспекторға «біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін» деп қоқан-лоқы жасаған көрінеді

— Екінші кездесуде Жиембай кешірім сұрап, жұмысын бітіру үшін уақыт сұраған және тіпті Берденовті «кумирім» деп атаған

— Сондай-ақ, Берденов Жиембайдың сырт келбетіне қатысты ескерту жасағанын растады
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 11:03:01 +0300
Астанада жеңіл көлік жолдағы жөндеушілерді қағып кетті.

Оқиға Сарайшық көпірінде болған. Нәтижесінде біреуі сол жерде көз жұмды, екіншісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның айтуынша, жүргізуші жөндеу жүріп жатқанын ескермеген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 08:58:55 +0300
Ақ үй 18 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесетінін хабарлады.

Кесте бойынша, олар Астана уақытымен 22:15-те келіссөз бастайды. Кейін Трамп ЕО көшбасшыларымен кездеседі.

Зеленский Вашингтонға келгенін мәлімдеп, АҚШ пен Еуропаға қолдауы үшін алғыс айтты. Ол бірлескен күш-жігер Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүр етеді деген сенім білдірді. Ал Трамп "Зеленский қалаған жағдайда соғысты бірден аяқтай алады" деп жазды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 18 Aug 2025 07:41:37 +0300
Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады.

Ата-аналар тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген мектепті таңдап, өтінішті онлайн бере алады. Қызмет қосымша құжаттарды талап етпейді.

Қызметті алу үшін:
🖇️ eGov.kz порталында тіркелу;
🖇️"Білім" бөліміндегі "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
🖇️ Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
🖇️ Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 17 Aug 2025 18:06:48 +0300
Бүгін Ақмола облысында Aerostar R40F UP-LA229 жеке жеңіл әуе ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Ұшу жалпы авиация аясында орындалған, өрт болған жоқ.

Апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оқиға орнына Көлік министрлігінің оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері барды. Қылмыстық іс қозғалды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 17 Aug 2025 15:32:01 +0300
Аляскадан кейін Путин Трамппен өткен келіссөздер туралы Тоқаевпен сөйлесті.

Ақорданың хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесуде Ресей президенті Анкоридждегі кездесудің “кейбір нақты қырлары” жөнінде айтты.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 17 Aug 2025 11:26:04 +0300
Каспий теңізінде аумағы 82 шаршы шақырымдық қара дақ анықталды.

Экологтардың мәліметінше, дақ 16 тамызда таңертең Sentinel-1A спутнигінің суреттерінен байқалған. Ластану Құрық порты – Баку бағытындағы кеме жолының бойымен созылып, Қазақстан мен Әзербайжан аумағын қамтыған. Алдын ала болжам бойынша, бұл - май немесе балық аулаудан қалған қалдықтар болуы мүмкін.

"Мұндай көлемдегі дақ қорқынышты жағдай: бұл жай ғана кездейсоқ "лас дақ" емес, Каспий картасында тұтас қара дақ пайда болды. Егер мұндай жағдай қайталанса, салдары қиын болады", - дейді мамандар.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sat, 16 Aug 2025 09:58:42 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 23:06:35 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 22:14:03 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 18:26:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 16:16:25 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 11:49:32 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 07:53:43 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 15 Aug 2025 07:13:25 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 14 Aug 2025 16:54:33 +0300
Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды.

Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікпен ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Іс оның Шымкенттегі қазіргі қызметімен қатар, 2020–2022 жылдары Жамбыл облысы мен Тараздағы бұрынғы қызметіне де қатысты болуы мүмкін. Абдешов бұл қызметке 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 14 Aug 2025 14:58:52 +0300
РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуіне дайындық аяқталғанын мәлімдеді. Кездесу 15 тамызда Алясканың Анкоридж қаласында өтеді.

Негізгі тақырып – Украина дағдарысын реттеу. Алдымен екі президент жеке жүздеседі, кейін делегациялармен кеңейтілген келіссөз өтеді. Кездесу соңында бірлескен баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Батыс БАҚ-тары келіссөзде Донбастың қалған бөлігін Ресейге беру және соғыс қимылдарын тоқтату мәселесі талқылануы мүмкін екенін хабарлады.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 14 Aug 2025 12:00:20 +0300
Алматыда өткен тамыздағы ҰБТ-да 85 жастағы ерекше қатысушы – Нұрихан апа келді.

Өмірін бала тәрбиесіне арнаған ол жастық шағында жүзеге аспаған арманын орындап, жоғары білім алуға қадам жасады. Биыл көптен бергі тілегін жүзеге асыру үшін жақындарының қолдауымен ҰБТ-ға тіркеліп, емтиханға келді.

Тестілеу күні балалары жанынан табылып, қолдау көрсетті. Емтихан алдында талапкерлерге ақ батасын берді.

Алайда компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тестілеуге кедергі болды. Соған қарамастан, ол компьютерді үйреніп, келесі жылы сынаққа қайта қатысуға ниетті екенін жеткізді.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 14 Aug 2025 08:22:02 +0300
Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда жаңа штаб құрылды.

Штабтың басты міндеті – мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы жұмысын үйлестіру, алдын алу тәсілдерін әзірлеу және нашақорларды емдеу мен оңалтуды жетілдіру.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 14 Aug 2025 07:25:28 +0300
Павлодарда анасы інісімен бірге терезеден лақтырып жіберген 7 жастағы бала ауруханадан шығарылды.

Оны әкесі үйіне алып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, ол екі аптаға жуық емделіп, бір тәулік жансақтау бөлімінде болған. Алдағы бір ай бойы төсек режимін сақтап, жыл бойы оңалтудан өтеді. Жамбас сүйегі сынғанымен, жүру қабілеті сақталған, бірақ алғашқыда жүрісі тұрақсыз болады. Сондықтан балаға қайтадан жүріп үйренуге тура келеді.

Анасының жағдайы әлі де ауыр.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 18:23:55 +0300
Бүгін сотта Руслан Берденовке қастандық жасалған сәттің видеосы көрсетілді.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 15:38:51 +0300
Қазақстан Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери дипломаттың Польшада ұсталғанын растады.

Поляк билігінің дерегінше, ол 15 наурыз бен 30 шілде аралығында Варшава мен Быдгощта қызмет атқарған кәсіби әскери барлаушы, Польша мен одақтастарының қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәліметтер жинаған болуы мүмкін.

Күдікті дипломатиялық мәртебені пайдаланған, кінәсін мойындамайды. Ол 5 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан тарапы оның құқықтарын қорғау үшін шетелдік әріптестерімен жұмыс жүргізіп жатыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 14:58:28 +0300
Маусым айының соңында Еңбек министрі 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл мәлімдемені «жоққа шығарды».

Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру жоспары жоқ.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 13:33:35 +0300
Жамбыл облысында жаман жол үшін 263 лауазымды тұлға жазаланды.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары аясында 9 494 ақау анықталды. Инфрақұрылымдағы кемшіліктер үшін 263 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, жол ұйымдарына 2 111 нұсқама берілді.

Нұсқамаларды орындамаған мекемелерге 31 әкімшілік хаттама толтырылды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 09:42:32 +0300
Бүгіннен бастап Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды.

Енді ел тұрғындары SpaceX-тің төмен орбиталы спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты және тұрақты интернетке қосыла алады. Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, интернет тарифі айына 23 мың теңгеден басталады.

Starlink шалғай және қолжетімділігі қиын өңірлерге де интернет жеткізіп, заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 13 Aug 2025 07:57:49 +0300
Өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланған қазақстандықтарға айыппұл салынады.

▪️
жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге),
▪️лауазымды тұлғалар мен шағын бизнеске – 100 АЕК (393 200 теңге),
▪️орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге),
▪️ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге).

2024 жылы бұл заңды бұзғаны үшін 10, 2025 жылдың басынан 7 адам жазаланған.

Рұқсатпен де өзгенің ЭЦҚ-сын қолдануға болмайды. Бұл шаралар алаяқтықты азайту үшін енгізілген.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 12 Aug 2025 16:57:07 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 12 Aug 2025 16:36:18 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 12 Aug 2025 12:24:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 12 Aug 2025 09:37:31 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 12 Aug 2025 06:28:23 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 11 Aug 2025 15:53:20 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 11 Aug 2025 11:25:42 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 11 Aug 2025 08:55:09 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 10 Aug 2025 13:51:17 +0300
🇰🇿🇺🇦 Украина бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті.

Президент Тоқаев қазақ халқының Украинаға құрметін атап, Қазақстанның халықаралық құқық негізінде бейбітшілік орнауына мүдделі екенін айтты.

Ол қақтығысты әділ жолмен шешу, мемлекеттілікті сақтау және қауіпсіздікке халықаралық кепілдік беру қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ Украинамен түрлі салада ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдірді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 10 Aug 2025 11:37:01 +0300
EC-145 тікұшағы құлаған аумақтан екінші адамның денесі табылып, су бетінe шығарылды.

Қазір оны анықтау жұмыстары құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 10 Aug 2025 09:33:09 +0300
📝 Бүгін ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sat, 09 Aug 2025 11:32:20 +0300
Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адамның денесі табылды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, спутниктік деректерді пайдалана отырып математикалық есептеулер жүргізілген. Бұл тікұшақтың шамамен орналасқан ауданын анықтауға мүмкіндік берді.

Аталған квадратқа іздестіру топтары мен арнайы техника жіберілді. Су астындағы жұмыстар барысында шамамен 14 метр тереңдіктен әуе кемесінің кейбір фрагменттері мен адамның денесі табылды. Қазір тұлғаны анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Іздеу жұмыстары судың астында көріну мүмкіндігінің төмендігі мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты қиындап, сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатып отыр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 08 Aug 2025 17:13:41 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 08 Aug 2025 14:18:43 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 08 Aug 2025 12:58:38 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 08 Aug 2025 12:23:45 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Fri, 08 Aug 2025 09:04:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 16:31:00 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 15:50:11 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 15:21:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 13:10:55 +0300
Подробнее
72.92 k
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 11:32:49 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 10:50:03 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 09:52:13 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Thu, 07 Aug 2025 08:41:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 17:49:00 +0300
11 тамыздан бастап ЭЦҚ алу тәртібі өзгереді: енді бұл қызмет толығымен онлайн көрсетіледі.

ЭЦҚ алу үшін egov.kz порталына кіріп, өтініш жолдау қажет. Жүйе камера арқылы бет-әлпетті биометриялық сәйкестендіру арқылы тексереді. ЭЦҚ бірден беріледі, ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Егер жүйе сізді тани алмаса, 5 рет қайта әрекет етуге болады. Барлық әрекет сәтсіз болса ғана ХҚКО-ға баруға тура келеді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 17:07:10 +0300
Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова жол апаты ісінде қорғану құқығы берілген куәгер ретінде танылды.

Қазіргі уақытта ол ұлымен бірге Алматыдағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағаланды.

Тергеу жалғасып жатыр, сараптамалар тағайындалған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 15:07:28 +0300
Доллар бағамы тағы бір теңгеге төмендеп, 536 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 537,79 теңге, сату бағамы – 539,86 теңге. Астанада доллар орта есеппен 534,58 теңгеге сатып алынып, 541,58 теңгеге сатылуда.

30 шілдеде еліміздегі айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. Осыдан кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын бастады.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 13:39:53 +0300
Мемлекетке қайтарылған қаражат қайда бағытталады?

Қызылордада 7 млрд теңгеге медицина нысандары салынады.

Бұл қаражатқа Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар тұрғызылады. Жоспар бойынша, нысандар биыл пайдалануға беріледі.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 09:13:10 +0300
Шымкентте Берденовке жасалған қастандыққа қатысты резонансты іс бойынша сот процесі басталды.

Руслан Берденовтың өзі сотқа келмеді. Себебі – ол ем қабылдап жатыр.

Біздің тілшіміз оқиға орнында, сот барысын бақылап отыр.

t.me/tengri_kz
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Wed, 06 Aug 2025 07:42:50 +0300
Алматыдағы Офицерлер үйінде ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Қоштасу рәсіміне Талғат Мұсабаевтың туыстары, жақындары, әріптестері мен достары, сондай-ақ мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жиналды.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 05 Aug 2025 17:27:57 +0300
Шымкентте және екі облыста жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі – Қырғызстан аумағында, Алматы қаласының оңтүстік-батысынан 408 шақырым қашықтықта. Магнитудасы – 5,9.

Сезілу деңгейі (2 балл):

1. Жамбыл облысы, Мерке ауылы – 2 б.
2. Жамбыл облысы, Құлан – 2 б.
3. Жамбыл облысы, Тараз – 2 б.
4. Жамбыл облысы, Сарыкемер – 2 б.
5. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 б.
6. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 2 б.
7. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы – 2 б.
8. Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 б.
9. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы – 2 б.
10. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы – 2 б.
11. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 б.
12. Түркістан облысы, Манкент ауылы – 2 б.
13. Түркістан облысы, Сайрам ауылы – 2 б.
14. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы – 2 б.
15. Шымкент қаласы – 2 б.
16. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – 2 б.
17. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы – 2 б.
18. Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы – 2 б.
19. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы – 2 б.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 05 Aug 2025 17:20:38 +0300
Ақтауда дәретханада түнеген балалардың отбасына қатысты жаңа мәліметтер шықты.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негізінде жергілікті әкімдік тексеріс жүргізді.

Белгілі болғандай, сол күні қоғамдық дәретханада мас күйінде кассир болған. Ол балалардың әжесі екен.

Ал олардың анасы – жалғызбасты ана ретінде мемлекеттен тұрғын үй алған.

«Отбасы тұратын үйге барып көрдік. Үй іші лас, есіктері сынған. Анасы барлық әлеуметтік көмек түрін алып отыр», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.


Қоғамдық дәретханадағы жұмысынан әжесі босатылды. Балалардың анасына бір апта уақыт берілді. Осы аралықта жағдайды жақсартпаса, балалардан айырылуы мүмкін.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 05 Aug 2025 15:57:00 +0300
Сауда министрі ет бағасының өсу себебін түсіндірді.

Министр Арман Шаққалиев ет бағасының өскенін растады. Оның айтуынша, бұған әлемдік өндіріс көлемдерінің өзгеруі мен көршілес елдердегі жоғары баға себеп. Министрлік сыртқы сауданы реттеуге бағытталған шаралар қабылдап жатыр.

Бағаны тұрақтандыру үшін министрлік ірі сауда желілерімен келісімге келіп, сиыр етінің келісі 2 590 теңгеден сатылып жатыр.

Журналистердің сұрағына жауап берген министр бағаны ай сайын 0,4%-дан асырмай ұстап тұру көзделгенін айтты.

“Нарықта ет болады, бірақ баға әртүрлі болуы мүмкін”, – деді Шаққалиев.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 05 Aug 2025 10:23:37 +0300
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 тамызда өтеді

“Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, қоштасу рәсімі Алматыдағы офицерлер үйінде 6 тамыз күні сағат 9:00-ге жоспарланған.

Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Tue, 05 Aug 2025 07:35:56 +0300
Бразилияның экс-президенті әлеуметтік желідегі видеоға байланысты үйқамаққа алынды.

Болсонаруға ұялы телефон пайдалануға тыйым салынып, ол байланыса алатын адамдардың шеңбері шектелді.

3 тамызда Болсонару видеобайланыс арқылы жақтастарына үндеу жолдады. Сөзінің үзінділері әлеуметтік желілерге тараған. Судья бұл әрекетті тергеу процесіне ықпал ету деп санады.

Айта кетсек, Болсонаруға қазіргі президентті биліктен тайдыру мақсатында жасалған астыртын жоспарға қатысы бар деген айып тағылып отыр. 2023 жылдың 8 қаңтарында оның жақтастары Бразилиада мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасаған.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 04 Aug 2025 16:54:50 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 04 Aug 2025 11:34:01 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 04 Aug 2025 08:52:13 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Mon, 04 Aug 2025 06:11:26 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 03 Aug 2025 11:27:45 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001135542117 Sun, 03 Aug 2025 11:13:12 +0300
Подробнее
]]>