Лента постов канала 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ (@qarzhylyq_sauat) https://t.me/qarzhylyq_sauat Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! Сайт: www.qsauat.kz ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама ru https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Fri, 15 Aug 2025 08:49:30 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Thu, 14 Aug 2025 15:16:30 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Thu, 14 Aug 2025 13:09:26 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Thu, 14 Aug 2025 07:33:33 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Wed, 13 Aug 2025 15:55:34 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Wed, 13 Aug 2025 10:38:33 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Tue, 12 Aug 2025 07:20:45 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Mon, 11 Aug 2025 15:51:08 +0300
65 жасыңда бизнес-идеяң үшін ел аралап, қолдау іздер ме едің?

KFC-дің атасы — әйгілі логотиптегі ақ сақалды қарияның өмірі солай өткен деседі. Қайтпайтын қайсар мінезі болыпты. Өзі зейнет жасында. Ешкім танып білмейтін бизнесі әне-міне тоқтағалы тұр. Оның орнында біз болсақ, не істер едік? «Осы қартайған шағымда енді қалғаны — әркімге қол жайып, қолдау дәмету еді. Пшту! Бизнестің...» деп қолды бір сілтейтін болармыз.

Бұл жарықтық чемоданын асынып, кәдімгідей ел аралап кеткен ғой. Бүгінгі нәтижесін бәріміз білеміз. Қазір жер жүзінде KFC-ді білмейтін адам жоқ, жемейтін адам аз. Ал, ақсақал осыған қалай жетті? Сіз бен бізге мотивация болсын, өмір жолын «ақтарып» көрейік.

Қытырлақ тауық қайдан шықты?

Логотиптегі сақалды кісінің есім-сойы — Харланд Сандерс. Істемеген жұмысы жоқ екен. Теміржолда паровоз кочегары болып, автобус та жүргізеді, өрт сөндіруші болып, сақтандыру полисін де сатады. Фермерлікпен айналысып, жанармай құю бекетінде де жұмыс істейді. Бірақ қайда істесе де ұзаққа бармайды. Я істеп жүрген компаниясы жабылып қалады, я өзі жұмыстан кетеді.

Тауық етін қуыруға арналған рецепт әжесінен қалған деген ақпарат бар. Сол әдісті ол 40 жасында қолданып, Кентукки штатында өзінің шағын дәмханасын ашады. Клиенттері қытырлақ тауықтың өзгеше дәмін мойындай бастайды. Бірақ бизнесі шағын болады да, айтарлықтай өсе қоймайды. Жылдар өтеді. Дәмханасы орналасқан көшеде жол жөнделіп, ісі жабылып қалады. Ол кезде кейіпкеріміз 65 жаста еді...

1009 рет кері қайтқан қария

Дәмханасы қаңырап қалған кезде қалтасында не бары 105 доллар мен рецепт қана болады. Зейнетке кетуге асықпаған ақсақал тауық дәмдеуіштерін бір чемоданға салып, ел аралап кетеді. Сондағы ойы — франшиза ұсыну. Әр мейрамханаға кіріп, тауықты өзі пісіріп, дәм татқызады: «Егер мәзіріңе қоссаң, бір үлесі — менікі...»

Сенесіз бе, дәл осы ұсыныспен мыңнан (!) астам компанияның табалдырығын тоздырған. Бәрінде естіген жауабы — «жоқ». Кіріп-шыққан жерінің бәрін қойын дәптеріне тізіп жүрсе керек, 1009 компания кері қайтарыпты. 1010-шы мекеме келіседі. KFC (Kentucky Fried Chicken) тарихы сол жерде басталады.

Қазір әлемде KFC-дің 25 мыңнан аса мейрамханасы бар деседі. Табандылығының арқасында бизнес-идеясын аяққа тұрғызған ақсақалдың өзі 90 жасаған екен ғой, жарықтық...

Жұрт осындай мінезді қайдан алады? Өзімізбен салыстырамыз ғой, енді. Бизнес-идеямызға бес компаниядан қолдау таппасақ, еңсеміз түсіп, езіліп, тауымыз қайтып қалады. Ал мың түрлі мекемеге баруға ерік-жігеріміз, қауқарымыз жетер ме еді? Бару не, интернет заманында сол мың компанияға коммерциялық ұсыныс-хат жазуға да шыдамымыз жетпес еді. Ерінеміз ғой. Көрдіңіз бе, әне, «жұрттың баласы» пысық екен...

Харланд Сандерс тек идеясын іске асырып қоймай, өзінің образын да жасап кетті. Қазір ақсақалдың сүйкімді бейнесі мен бизнесі — әлемдегі ең танымал брендтің бірі.

Бұл жерде бір ғана нәрсе айқын: «жоқ» сөзі бизнеске кедергі емес, бастысы — идея. Өзгелер айта берсін, мейлі, есігін тарс жапсын, өзіңе өзің «жоқ» демесең болғаны.

@qarzhylyq_sauat
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Mon, 11 Aug 2025 10:46:54 +0300
Неге Араб Әмірліктерінде дирхам курсы өзгермейді, ал теңге тұрақсыз?

Бұл сұраққа көпшілік жауап тапқысы келеді. Бірақ көбімізге сауат жетпей жатады. Осындайда қаржылық білімі бар адамның пікірін білсең дейсің. Әдетте, теңге құбылып жатқанда бәрімізді оңды-солды эмоция қысады. Бәрін айтқымыз кеп тұрады, бәрін біреуден көргіміз-ақ кеп тұрады. Бірақ, одан не пайда? Пайдалысы білім ғой. Себебін білу, ең болмағанда, нарықты түсінуге тырысу. Сондықтан, эмоцияны сәл ысырып қоя тұралық та, тәжірибелі экономист Алмас Чукиннің пікіріне «құлақ асып» көрейікші. Сөз арасында ол «доллар ала берейік пе» деген сауалға ойын айтады.

— Жұртты мазалайтын сұрақ: «Араб Әмірліктерінде дирхам курсы долларға байланған. Неге жылдар өтсе де ол өзгермейді, ал бізде керісінше?». Шын мәнінде, көпшілікті қызықтыратыны курстың бағамы емес, өйткені қарапайым адамдардың бәрі күнде қолына доллар ұстап жатқан жоқ. Оларға керегі — бағаның тұрақты болғаны. Себебі бәріміз жұмыс істейміз, ақша табамыз, ал күні кеше таңғы асымызды алған ақша бүгін тек сэндвичке ғана жетеді. Бұл кімге ұнасын? Көңілге қаяу түсіретіні сол — дейді экономист.

Теория бойынша ақшаның үш қызметі барын да айтады: төлем құралы, құн өлшемі және жинақтау құралы.

Ақша құн өлшемі ретінде тауардың «бағасын» көрсетеді. Мысалы, доллармен немесе теңгемен. Бірақ салмақ немесе калория сияқты физикалық өлшемдер өмірде тұрақты болғанымен, ақшаның құны қашанда тұрақсыз. Себебі ол уақытқа және нарық жағдайына қарай өзгереді. Егер тауар көп, ал сатып алушы аз болса, бағасы түседі. Ал егер ақша көп, ал тауар аз болса, ақша «жеңілдеп», құны кете бастайды. Мәселе — сұраныс пен ұсыныста.

Әмірліктерге келейік. Расында да онда 1 доллардың бағасы 1997 жылдан бері 3,6725 дирхамды ұстап тұр. Бұл елде мұнай мен туризмнен түсетін табыс және басқа да көрсетілетін қызметтер доллармен есептелетіндіктен, тұрақты курсты ұстап тұру оңай. Бірақ курс тұрақты болса да, баға бәрібір өзгере береді.

Мысалы, Әмірліктер АҚШ-та жоқ ҚҚС (НДС)-ты енгізіп қойды. Азық-түлікті басқа елдерден алады. Былай қарасаң, дирхам доллар секілді тұрақты болғанымен, елде жылжымайтын мүлік пен қызмет бағасы Америкадағыдай емес, өз бетінше өседі.

— Не айтқым келді? Шетел ақшасына шаққандағы ұлттық валютаның айырбас бағамы елдегі экономиканың бет-бейнесін көрсетеді. Яғни, ақша курсы — оңды-солды басқаратын қолдағы құрал емес, — дейді Чукин мырза.

Салыстырып көру үшін Қазақстандағы айлық жалақының тарихын шолып көруге болады дейді экономист. Оның пікірінше, ең жемісті жыл — 2013 болды: бағалар құбылған жоқ, ал орташа жалақы доллармен 713-ке жетті. 2015 жылғы девальвациядан кейін ол 429 долларға түсті, ал 2023 жылы қазіргі доллардың курсымен айтқанда 780-ге жетті.

Егер бұл жағдайға 2000 жылғы «өзгермеген» доллармен қарайтын болсақ, онда көрініс басқаша болады. Сол курспен есептегенде, 2013 жылы 528 доллар болған жалақы тек 474-ке ғана өскен болар еді.

— Тағы бір мән беретін мәселе бар. Әдетте, жұрт орташа жалақының мөлшерін (2025 ж. І тоқсанында 423 000 болды) естігенде түсінбей, «ондай айлықты кім, қайда алып жүр?» деп таңданып жатады. Мұндағы айырмашылық — орташа немесе медианалық жалақыны қолдануда. Яғни, 2019 жылдан бастап статистер медианалық жалақыны да есептей бастады. Ол жалақының ең жиі кездесетін деңгейін көрсетеді және мөлшері әлдеқайда төмен — қазір 300 мың теңге, — деп жазған экономист «доллар ала берейік пе?» деген көпшілік сауалына былай деп жауап қатады:

«Қазір — жоқ. Мысалы, сізге ақша қашанға керек? Бәрі сол УАҚЫТҚА байланысты. Егер ақшаңа бір жыл уақыт беретін болсаң, 16-18% жылдық ставкамен теңгеде депозит ашқан тиімді. Бұл жерде теңге 5%-ке арзандап, бағалар 10%-ке өссе де, сатып алу қабілетіңіз сақталады. Ал доллар сатып алып, 1,5%-пен депозитке қойсаңыз, доллар 5%-ға өссе де, инфляциядан ұтыласыз. Ал 5–10 жылға теңгеде жинақ ұстау қауіпті. Өмір көрсеткендей, дамушы елдердің валюталары тұрақсыз келеді. Ең тиімді нұсқа — 50%-ін теңгеде ұстап, процентіне «күн көру». Ал, қалған 50%-ін долларда ұстап, брокер арқылы АҚШ-тың 20-30 жылдық облигациясын алу (қазір олар 4,8% береді)».

https://t.me/qarzhylyq_sauat
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Fri, 08 Aug 2025 13:13:14 +0300
Достар, абай болыңыздар!

Соңғы кезде желіде бәзбіреулер «зейнетақы жинағыңның артық бөлігін аз пайызбен алуға көмектесеміз» деп жарнама жасап жүр екен. Олар БЖЗҚ (ЕНПФ) мен ресми операторлардың логотипін пайдаланып, өзін сенімді көз ретінде көрсетуге тырысады.

Естеріңізде болсын:

Зейнетақы қорынан ақша алу — тек заңмен шегеленген тәртіпте жүзеге асады.

Ол үшін ешқандай делдал керек емес. Барлығы тегін жасалатын дүние.

БЖЗҚ комиссия алмайды, төлемдер тек заң аясында жүргізіледі.

Өз жинағыңыздың тиісті бөлігін тұрғын үйге немесе емделуге пайдаланғыңыз келсе, оны тек банктер ғана іске асыра алады.

Интернетте кезіккен кез келген жарнамаға елтіп кетпеңіздер. Жеке деректерді танымайтын, бейтаныс адамға беруге болмайтынын білесіз ғой? Алаяқтарға алданып қалмаңыз! Сақ жүріңіз!

@qarzhylyq_sauat
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Fri, 08 Aug 2025 09:59:45 +0300
«Суық су» теориясы: Қаржылық өмірің қайнап жатқан жоқ па?

Ежелден келе жатқан бір қызық мысал бар — «қайнаған бақа» («эффект варёной лягушки») эффектісі деп аталады. 19-ғасырдағы неміс ғалымдарының зерттеуінен шыққан. Олар бақаның рефлекстерін зерттеу үшін тәжірибе жүргізген ғой.

Қысқаша тарихы былай:

Бақаны бірден қайнап тұрған суға тастасаң, ол бірден секіріп шығып кетеді. Ал егер салқын суға салып, суды біртіндеп қыздырсаң, бақа қауіпті сезбей, судың ішінде өліп қалады екен.

Ғылымда бұл тәжірибенің ақырғы нәтижесі дау (спор) туғызса да, метафора ретінде керемет жұмыс істейді деседі: адам баласы біртіндеп күшейіп келе жатқан қауіпті байқамай, соның ішінде қалып қояды...

20-ғасырда саясаткерлер мен бизнес-тренерлер бұл мысалды метафора ретінде көп қолданған.

«Суық су теориясы»

Енді осы ойды қаржымен байланыстырып көрсек. Мысалы, адамға бірден мұздай су шашсаң — селк етіп, шошып қалады. Бірақ, (мысалы, жуынарда) суды біртіндеп қыздыра түссе, оның қайнағанын кеш байқар еді.

Көбіміздің қаржылық өміріміз де осындай:

Басында шағын несие аламыз, «айына 20 мың теңге ғана ғой» деп ойлаймыз.

Кейін тағы бір несие, кредит картасы, «рассрочка»…

Бір кезде ай сайынғы төлемдер жалақының жартысын жеп қояды, бірақ біз оны қалыпты жағдай деп қабылдай бастаймыз.

Ал, шындығында, «қарыз суы» баяу қайнап жатқанын байқамай қаламыз.

Бұдан алатын сабақ — әр адам/отбасы өзінің қаржылық «температурасын» ұдайы тексеріп отыруы керек. Бұл жердегі қарыз бен артық шығынның бәрі — жай ғана су емес, ол қайнап келе жатқан су...

Яғни, неғұрлым ерте тоқтасаң, соғұрлым аз күйесің.

Енді сұрақ: Сіздің қазіргі «суыңыздың» температурасы қанша?

https://t.me/qarzhylyq_sauat
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Fri, 08 Aug 2025 06:53:10 +0300
📚 Грантқа ілікпесеңіз, не істеуге болады?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грант иегері атанған 77 мыңнан астам талапкерді құттықтап, грант ала алмаған жастарға қолдау білдірді.

📌 Биыл конкурс өте жоғары болды – өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп өтінім түсті. Бірақ грант – жалғыз жол емес!

Мына баламалы мүмкіндіктерге назар аударыңыз:

🔹 Ректорлық гранттар – 2 000-нан астам грант (мысалы, «Туран-Астана», Халықаралық туризм және меймандостық университеті және т.б.)
🔹 Акимат гранттары – өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар үшін 1 700+ грант
🔹 Жұмыс берушілердің мақсатты гранттары – кейін жұмысқа орналастырумен
🔹 Қайырымдылық қорлар қолдауы – «Қазақстан халқына», KAZENERGY, Қазатомпромның Murager бағдарламасы
🔹 Ақылы бөлімнен грантқа ауысу – үлгерім арқылы
🔹 Біреудің бас тартуы арқылы келесі талапкерге мүмкіндік беріледі

🗣 «Грант – мүмкіндіктің бірі ғана. Ең бастысы – мақсатыңнан таймау!» – деді министр.
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Thu, 07 Aug 2025 13:03:20 +0300
Грант иегерлерінің тізімі шықты!

Биыл 77 мың грант бөлінген деседі. Ал, бөліп ала қойыңыздар!

Құтты болсын!

@qarzhylyq_sa>uat
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Wed, 06 Aug 2025 13:48:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Wed, 06 Aug 2025 11:03:25 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Tue, 05 Aug 2025 12:07:35 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Tue, 05 Aug 2025 09:36:35 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Mon, 04 Aug 2025 12:48:46 +0300
Подробнее
]]>
https://linkbaza.com/catalog/-1001786715880 Mon, 04 Aug 2025 11:03:34 +0300
Подробнее
]]>