Информация о канале обновлена 19.11.2025.
Информация о канале обновлена 19.11.2025.
Қайғы басса есіңе ал мұны әрқашан.
Ештеңеге риза бола алмайсың
Жаңа жауған ақ қарға қуанбасаң.
Жүрекке мейірім мен жылу керек.
Сүйсінбеуге бола ма сұлуға ерек?
«Ойлай берсең, ой да көп, уайым да көп»,
Шыққан күнге қуана білу керек!..
Күләш Ахметова
https://t.me/kitapuzindisi
Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдің не, ертең өлдің не?
Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек»
https://t.me/kitapuzindisi
Кейбіреулер ынтызар боп қосылып, сырттай тіпті араларынан қыл өтпейтіндей тату-тәтті көрінсе де, тез тарқап, тез суынады. Бұған не себеп? Тек көңілдің аумалы-төкпелілігі ме? Әлде мінез-құлықтарының келіспегендіктері ме? әрине, бұлар да себеп. Бірақ адамның тез қосылып, тез суынуы, көбіне бірін-бірі жетік білмей табысуынан.
Ал, екі жастың дұрыс ұғысуларына уақыт керек, оған жүрегі құрғыр шыдай ма? Махаббат шыдамсыз дүние. Шыдамсыздықты жоя алғанда ғана ол берік. Адамды ақыл емес, көбіне сезім билер болса, мұндайда өкініш те қатар тұрады.
Ілияс Есенберлин «Маңғыстау майданы»
https://t.me/kitapuzindisi
... Адам – айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады.
Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек»
https://t.me/kitapuzindisi
Рост подписчиков
Публикации
Просмотры
Средний охват + ERR%
Владелец канала не предоставил расширенную статистику, но Вы можете сделать ему запрос на ее получение.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.