🗣Қазақстанда еңбек мигранттарының басым бөлігі жергілікті халық өздерімен жақсы қарым-қатынас жасайды деп санайды
Халықаралық көші-қон ұйымының шілдеде жүргізген сауалнамасы осыны көрсеткен. БҰҰ-мен байланысты құрылым 3 қазанда әлеуметтік зерттеудің нәтижесін жариялады. Оған Атырау, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан екі мыңнан астам мигрант қатысқан.
Респонденттердің жартысы Қазақстанға нәпақа табу үшін Өзбекстаннан келгендерін айтқан. 12 пайызы — Тәжікстан, 11 пайызы — Ресей, 7 пайызы — Қырғызстан, тағы 7 пайызы — Қытайдан келгендерін айтқан.
Респонденттердің 72 пайызы өздерінің қазіргі қаржылық жағдайларына көңілдері толатынын айтқан.