Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
Информация о канале обновлена 05.10.2025.
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
Президент Үкіметке “Торғай-Ырғыз” және батыс бағытындағы басқа да көлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды.
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10%-ға өседі.
Қазір бұл көмекті 150 мыңға жуық адам алып отыр.
Төлемдер әлеуметтік аударымдар мен отбасы жағдайына қарай есептеледі. Асыраушысынан айырылу жәрдемақысы 18 жасқа дейін, ал оқитын болса – 23 жасқа дейін төленеді.
Ғимаратта жыныстық сипаттағы интим қызмет көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев Алматы облысындағы әскери бөлімде қыркүйекте қаза болған 19 жастағы сарбаз Дінмұхаммедтің өліміне қатысты пікір білдірді.
“Тергеу жүріп жатыр, сондықтан кез келген мәлімдеме істің барысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл – ата-анасына үлкен қайғы, біз үшін де ауыр жағдай. Әрбір өлім – орны толмас қаза”, – деді ол.
Борамбаевтың айтуынша, министрлік ресми түсініктеме беруді тергеу толық аяқталғаннан кейін ғана жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін марқұмның әпкесі оның егіз ағасымен бірге әскерге алынғанын, бірақ кейін екеуін бөлек бөлімдерге жібергенін айтқан. Дінмұхаммед Мәтібұлаққа ауыстырылып, сонда қайғылы оқиға болған. 17 қыркүйекте отбасы оның қазасы туралы хабар алған.
Олар:
• Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 жылы туған
• Иманбаев Ғаббас, 18.05.1998 жылы туған
• Елешев Есімхан Баяндиевич, 11.09.1987 жылы туған.
Оларға БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз шығару бойынша қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.
“Олар Ақтау мен Атыраудағы шын мәнінде медициналық қызмет көрсетпеген және халыққа ешқандай қызмет ұсынбаған 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған”, – деді ҚМА.
Күдіктілердің бірі – Дүйсенов бұрын полиция қызметкері болған. Ол теріс себептермен жұмыстан шығарылған. 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 362-бабы (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сенат визасыз және тіркеусіз 90 күнге дейін болуға мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады. Құжат 2024 жылдың 15 сәуірінде Ереванда қол қойылып, қазірдің өзінде күшіне енді.
Екі ел заңсыз көші-қонмен және қос азаматтықпен күресу үшін ақпарат алмасуға уағдаласты.
Одан кейін ол Астанада ЖИ зертханасын ашатынын мәлімдеді. Бұл – Telegram мен Қазақстанның бірлескен жобасы.
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен:
- Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыратынын жеткізді
- Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында салада тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды
- Сондай-ақ бүгін “Alem.ai”халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды
- Цифрландыру және нейрожеліні кеңінен қолдану Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа философиясына айналуға тиіс
- Технология әлеуметтік теңсіздікті ушықтырмауы, азаматтардың мінез-құлқы мен таңдауына манипуляция жасамауы үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйледі.
Жиынға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.
Спикерлер қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар.
Владелец канала не предоставил расширенную статистику, но Вы можете сделать ему запрос на ее получение.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.
Подтвердите, что вы не робот
Вы выполнили несколько запросов, и прежде чем продолжить, мы ходим убелиться в том, что они не автоматизированные.