Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Информация о канале обновлена 04.10.2025.
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Еңбек министрлігі 2026 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін екі әлеуметтік төлем мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр. Бұйрық жобасында көрсетілгендей, еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлем мөлшері 2025 жылғы деңгейден 10% артады.
Құжатты жария талқылау мерзімі – 20 қазанға дейін.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Ел тұрғындардың жартысынан астамы артық салмаққа ие. Денені май басу проблемасымен көбіне әйелдер душар болатын көрінеді. Қазақ тағамтану академиясы жүргізген зерттеулерге сәйкес, әйелдер арасындағы семіздік 55% тең. Ал ерлердің 48% толық екен. Осы орайда артық келіден құтылу жолында диетаны «әне бастаймын, міне бастаймын» деп, түбінде, әйтеуір, бастағандар финишқа жете алмай орта жолдан құлқынның құрбаны боп, әуелгі әуеніне басады. Алайда сымбатты дене бітіміне қол жеткізу Айдос Ибрагимның қолынан келді. Ол чат джпитидің көмегімен арықтаған.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Өңірде барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Ермағанбет Бөлекпаев «Qarmet» АҚ қызметі туралы ақпарат берді:
✅Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған;
✅Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды;
✅Шахталарда көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан.
Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ, қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ «Qarmet» АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қазақстанда сатушылар қолма-қол ақшаға алғанда бір баға, бөліп төлеуге сатып алынған жағдайда екінші баға көрсетуге міндеттелді. Сауда және интеграция министрі тиісті құжатқа қол қойды. Бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді.
«Сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) сатып алу-сату шартын жасасар алдында тұтынушыға тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы өткізу және бір реттік төлем арқылы өткізу кезінде оның бағасын бөлек көрсете отырып, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), оның құны, төлем рәсімі, жеткізу шарттары мен құны, кепілдік мерзімі (ол болған кезде) туралы ақпарат береді», - делінген бұйрықта.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қаржы мониторингі агенттігі цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2024 жылдың басынан бері жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтірген 17 қылмыстық іс тіркелді. Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында – 6, Шымкент пен Қостанайда 3 жағдайдан тіркелген.
Аталған істер аясында 642 мың доллар көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді.
Кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.
Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу тек лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске салады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Криптовалюта бағасымен қатар, осы салаға қатысы бар компаниялардың акциялары да қымбаттап жатыр. Бұған 1 қазанда АҚШ федералдық үкіметінің өз жұмысын уақытша тоқтатуы себеп болған. Қазан айы биткоин үшін табысты ай болып саналады. Соңғы он жылда осы уақытта BTC бағасы үнемі өсіп отырған.
Бұған дейін тамыз айының ортасында криптовалюта бағасы тарихи межені бағындырып, 124 мың долларға жеткен.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды.
Әңгімелесу барысында мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді.
Астанада KAZENERGY XVI Еуразиялық форумы аясында бірегей Energy Insights and Analytics (бұдан әрі – EXia) мұнай-газ саласы цифрлық моделінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар күнделікті өмірімізге ғана емес, ел экономикасының тірегі саналатын ірі салаларға да белсенді еніп жатыр. EXia аналитикалық платформасы – «KAZENERGY» қауымдастығы мен AppStream компаниясының қанатқақты жобасы. Оны мұнай-газ саласының сарапшылары әзірлеген. Бұл мұнай-газ саласын сандармен және деректермен сөйлеткен заманауи жүйе. Саладағы мәліметтер көлемі күн санап өсіп келеді. EXia платформасы түсінуге қиын делінген ақпараттың өзін қарапайым тілмен түсіндіріп, қабылдауға жеңіл етеді.
Биылғы 15 мамырда өткен KAZENERGY қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесінің 47-ші отырысында EXia платформасының жоғары әлеуеті таныстырылған болатын.
KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, бұл жүйе компания деңгейінен бастап мемлекеттік органға дейін шешім қабылдауға көмектесетін құрал болады деп сенімін білдірді.
«Қазір бәріміз мүлде басқа әлемде өмір сүрудеміз. Техника, технология, өркениет жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. EXia жүйесі арқылы заманауи деңгейге шығамыз. Бұл платформа қысқа мерзімде қатты пайдалы қазбалар саласына да таралуы мүмкін. Табиғи ресурстарға негізделген еліміздің экономикасы үшін ол өте тиімді құрал болмақ», – деді Ұзақбай Қарабалин.
Толығырақ inbusiness.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Бұл туралы министр Ерлан Әккежанов пен Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен Астанада өткен Kazenergy Week – 2025 аясындағы келіссөздерде мәлім болды.
2023 жылы бұл бағытпен 1,06 млн тонна мұнай жеткізілген. Министр Әккежановтың айтуынша, Ақтау–Баку–Джейхан бағыты ел үшін стратегиялық мәнге ие. Сонымен қатар, Баку–Супса бағыты резервтік арна ретінде сақталмақ.
«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің дерегінше, 2025 жылы Баку–Тбилиси–Джейхан құбырымен 1,2 млн тонна мұнай жөнелтіледі. Тараптар алдағы уақытта көлемді 1,5–2,2 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін талқылауда.
Баку–Тбилиси–Джейхан құбыры ұзындығы 1,7 мың шақырым болады және жылына 50 млн тоннаға дейін мұнай өткізе алады. Қазақстан үшін бұл бағыт экспортты әртараптандыру мен әлемдік нарықтарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Владелец канала не предоставил расширенную статистику, но Вы можете сделать ему запрос на ее получение.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.
Также Вы можете воспользоваться расширенным поиском и отфильтровать результаты по каналам, которые предоставили расширенную статистику.
Подтвердите, что вы не робот
Вы выполнили несколько запросов, и прежде чем продолжить, мы ходим убелиться в том, что они не автоматизированные.